Меню KDT



Оқушыларымның жетістіктері-менің еңбегімнің жемісі. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Шарипова Г.С

        Тіл-халықтың жаны, сәні,тұтастай кескін келбеті, болмысы. Осы қымбат қазынамыз ғасырлардан ғасырларға жетіп, толығып келеді. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, ең бай тілге жатады. Қазақ халқы-шешен әрі әдемі сөйлеудің шебері-демекші   «Жарқын болашақ» IX республикалық қазақ тілі олимпиадасы аудан көлемінде білім бөлімінің бас маманы Шолпан Қуанғанқызының ұйымдастырылуымен аталып өтілді.

        Олимпиадаға  біздің 10 сынып оқушылары да қатысып, өздерінің өнерлерін көрсетіп жүлделі орындарға ие болды. Атап айтатын болсақ,            10-сынып оқушысы Әлімбек Айзат  «Тілші әдебиетші» конкурсында III   орын,   Соколова Анжелика «Мәнерлеп оқу» конкурсында II орын, Қайырбек Аружан «Ақын-жазушылар» конкурсында III орын, Кенжебай Индира «Жас ғалымдар» конкурсында  «Ұлы тұлғалармен сырлас болған-Қайраттық   Зия»   (Зияш   Алдабергенов) атты тақырыпта өзінің ғылыми жобасын қорғап   I орынды иеленсе, облысқа жолдама алып III орынды иеленді . Тіл-бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Сондықтан ана тілінде дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу әр адамның азаматтық парызы болып саналады.  Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра.

 

 

                                      Қайрат орта мектебінің          

                                     қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Шарипова Г.С.

 

 

 

 

 



Просмотров: 668

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры

Опрос

Статистика

  • Осы айда4
  • Осы аптада2
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки